2024 жылдың 9 желтоқсанда «Жаратылыстану ғылымдары және әлеуметтік-экономикалық пәндер» апталығы аясында оқытушы Нурбаева А.Т. 1-ЛД-В тобына «Ақпаратты қорғау және зияткерлік меншік» тақырыбында ашық тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: құжаттарды парольдер арқылы қорғау және ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі элементтерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру, аналитикалық ойлау мен деректерді қорғау ережелерін сақтау жауапкершілігін дамыту.
Студенттер тек деректерді қорғау әдістерін меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар зияткерлік меншіктің негізгі аспектілерімен танысып, бұл олардың кәсіби дамуы үшін маңызды болды.
Асель Талғатбековна жоғары кәсібилігін және заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізуге деген ұмтылысын көрсетті.

@bilimastana
@astana_adistemelik_ortalyq
@gani.beisembayev
@oqu_agartu_ministrligi
@akimat__astana
@jenis__kasymbek
@s_kassymkhan
#Біртұтас_тәрбие
#Біртұтас_тәрбие_ДАНАЛЫК
#акиматастаны
#oquagartu
#dosbollike
#RUMCDO#Bilim_quni
