8 наурыз

ҚҰРМЕТТІ БІЗДІҢ АЯУЛЫ ДА АРДАҚТЫ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН КЕРЕМЕТ ТЕ ӘСЕМ СТУДЕНТ ҚЫЗДАРЫМЫЗ!

Біз сіздерді З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледж жігіттері мен ұлдар студенттері атынан қуттықтай отырып, Сіздерді жылдың ең жарқын да әсем, көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – біздің қоғамдағы әйелдердің лайықты орны барын айғақтайтын, белсенді азаматтық көзқарасын білдіретін мереке. Сондықтан да біздің бүгінгі мақсатымыз – салтанатты түрде сіздерге құрмет көрсету.
Әйел заты отбасы мен ошақ қасының берекесі ғана емес, ол — адамзаттың анасы. Ақылымен, талантымен ел бірлігін сақтап, қиын кезеңдерде жұртына пана бола білген ұлтымыздың қастерлі қыздарының есімдері тарихта таңбаланып қалған.
Осынау үрдісті үзбей жалғастырып келе жатқан нәзік жандылар сөздің тура мағынасында Отанымыздың, еліміздің байлығы.
ҚҰРМЕТТІ НӘЗІК ЖАНДАР!
Сіздерді тағы бір мәрте мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тiлеймiз! Мереке құтты болсын!

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *