2026 жылдың 28 қазан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы және «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж оқытушылары Б.Токтаров пен Қ.Гаиповтың жетекшілігімен 1 курс студенттері ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ұйымдастырылған «Серікбол Қондыбай мұрасы: Қазақ мифологиясы – балалар көзімен» атты іс-шараға қатысты. Студенттер қазақтың біртуар зерттеушісі, мифолог ғалым Серікбол Қондыбайдың бай мұрасымен танысып, жас ұрпақтың тарихи-мәдени танымын кеңейтуге бағытталған арнайы сурет көрмесінің тұсаукесер рәсіміне куә болды.

