Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау

«ҚР әнұранын орындау» тақырыбында қалалық акция
2025 жылдың 24 қазан күні ҚР күнін мерекелеу аясында оқытушылар Сатбекова А.М. мен Жексенова Н.К.-ның ұйымдастыруымен оқытушылар және ата-аналардың қатысуымен қоғамдық орындарда «Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау» тақырыбында қалалық акцияға қатысты. Мақсаты: студенттердің мемлекеттік рәміздерге, әсіресе ҚР Әнұранына деген құрметін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін нығайту, елге деген сүйіспеншілігін арттыру. Қоғамдық ортада ұйымдастырылған бұл іс-шара жастардың азаматтық жауапкершілігін күшейтуге, ата-аналар мен білім беру ұйымы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттауға бағытталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *