2023 жылғы 14 желтоқсанда «Жаратылыстану ғылымдары және әлеуметтік-экономикалық пәндер» апталығы аясында биология пәні оқытушысы А.Ш. Рахметованың жетекшілігімен 2-СД-Г тобының студенттері арасында «Инфекциялық ауруларды зертханалық диагностикалау әдістері» тақырыбында колледжішілік конференция өткізілді. Конференцияның мақсаты: болашақ мамандыққа байланысты материалды терең зерттеу мақсатында белсенді өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру және жұқпалы ауруларды зертханалық диагностикалау әдістері туралы білімді қалыптастыру.

