«Фармация» апталығы аясында № 3 корпуста арнайы пәндер оқытушысы М. Б. Байгалиеваның жетекшілігімен «Өсімдіктер әлемі» көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты-студенттердің танымдық қызығушылығын дамыту, өсімдіктер әлемінің алуан түрлілігі туралы түсініктерін кеңейту, өсімдіктердің қасиеттерімен таныстыру.
Бұл бірегей көрмеде студенттер мен оқытушылар флораның таңғажайып әлеміне еніп, өсімдіктердің алуан түрлілігі мен олардың емдік қасиеттері туралы біле алды.

