
2025 жылдың 22 қазан күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбегі адал – жас өрен» жобасын жүзеге асыру мақсатында клиникалық пәндер оқытушылары: С.Бекенова мен А.Бисембаеваның жетекшілігімен «Мейіргер ісі» мамандығының 4СДВК тобының студенттері Астана қаласы әкімдігінің «№5 қалалық емхана» ШЖҚ МКК өндірістік экскурсия өткізді. Мақсаты: студенттерге кәсіби дағдыларын жетілдіру, мейіргер ісі саласындағы жұмыстың маңыздылығын түсіндіру, медициналық мекемелердің қызметімен таныстыру арқылы еңбекке адалдық пен жауапкершілікті қалыптастыру.
