«Өмірге апарар сау қадам» тақырыбында семинар

2025 жылғы 21 ақпанда тәрбие жұмысының жоспары аясында педагог-психолог А. М. Балтабаева «Мәңгілік» тәуелділіктің алдын алу және емдеуді дамыту қоры өкілдерін шақыра отырып «Емдеу ісі» мамандығының 1-2 курс студенттеріне арналған «Өмірге апарар сау қадам» тақырыбында семинар өткізді.
Мақсаты: студенттерді синтетикалық есірткінің түрлерімен, олардың физикалық және психикалық денсаулығына тигізетін зардаптарымен таныстыру. Есірткіні қолдануға теріс көзқарасты қалыптастыру. Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық препараттардың таралу жолдарын түсіндіру және онлайн-ортада ықтимал қауіптерді тануға үйрету. Студенттердің өз денсаулығы мен басқалардың денсаулығы үшін жауапкершілік сезімін дамыту.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *