2025 жылдың 12 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1-курс топ жетекшілері өз топтарында «Өңірдің экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбында кураторлық сағат өткізді, соңы қауіпсіздік сабағымен ұласты. Мақсаты: студенттердің туған өңірдің экологиялық жағдайына деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті арттыруға және өз аймағындағы экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға тәрбиелеу; сондай-ақ қауіпсіз өмір сүру дағдыларын нығайту.
