2023 жылдың 22 желтоқсан күні «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс студенттері: Алтаев Ағаби, Яковлев Тамерлан, Бектаев Имир, Молдарахым Ерқанат, Нурдилдаев Ерқанат, Шихназаров Нұржігіт «Лидер» клубының жұмыс жоспарына сәйкес колледж оқытушысы Н.Толеуованың жетекшілігімен «Шарапат» КММ қызмет алушысы Мифтахова Раида Сабирзяновнаның ауласының қарын тазалау бойынша әлеуметтік көмек көрсетті. Акцияның мақсаты – жақсылықты насихаттау, адамдарды қайырымдылыққа және игі істер шексіздігіне тарту.

