2024 жылдың 10 желтоқсан күні «Жаратылыстану ғылымдары және әлеуметтік-экономикалық пәндер» апталығы аясында география пәнінің оқытушысы Байгалиева М.Б. 1 курс студенттерімен «Әлемдік санаторийлер: география және денсаулық» тақырыбында колледжішілік конференциясын өткізді.
🌍 Бірінші курс студенттері әлемдік және аймақтық санаторийлер туралы зерттеу жұмыстарын таныстырып, емдеудің бірегей әдістері мен курорттардың денсаулықты сақтаудағы рөлі туралы әңгімеледі.
✨ Конференция қатысушыларды жаңа идеяларға шабыттандырып, заманауи технологиялар мен сыни ойлаудың зерттеу жұмыстарында маңыздылығын көрсетті.

