2026 жылғы 11 қыркүйекте «Адал азамат» бағдарламасы және «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында 3–4 курс студенттерімен ақпараттық-түсіндірме жұмысы өткізілді. Іс-шараны Астана қаласы Сарыарқа ауданы ЖПҚБ №70 учаскелік полиция пунктінің инспекторы А.А. Қадырғалиев жүргізді. Кездесу барысында «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: студенттерге әкімшілік құқық бұзушылықтардың түрлері, олардың алдын алу жолдары, құқықтық жауапкершілік және заң талаптарын сақтау туралы түсінік беру, құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жастар арасында «Заң және тәртіп» қағидаттарын қалыптастыру.

