Ұлдананың Ерлігі ешқашан ұмытылмайды мәңгілік есте сақталады

2025 жылы 8 қарашада Астананың тұрғын үй кешенінде ғимараттың сыртқы кірпіш қаптамасы құлады, соның нәтижесінде жедел жәрдем фельдшері Мырзуан Ұлдана кезекті қызметтік шақыру кезінде адамдардың өмірін құтқару кезінде үстіне кондиционер түсіп ауыр жарақат алған.
Ұлдана 2021 жылы «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. Колледжде оқығанда ол барлық іс шараларға белсенді қатысты және әрқашан барлығына көмектесуге дайын болды.
Өмірге, өзінің мамандығына деген арманы мен құштарлығы шексіз еді.
«З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ ұжымының атынан қызмет бабында Ерлік көрсетіп шынайы Дәрігерлік антын ұстанып адамдар үшін өмірің қиған Ұлдана Мырзуанның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Ұлдананың Ерлігі ешқашан ұмытылмайды мәңгілік есте сақталады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *