Ұлдана Мырзуанға арналған «Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация» кабинет ашылды

 

2025 жылғы 25 желтоқсанда З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжінде қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан колледж түлегі — фельдшер Мырзуан Ұлдана Қалдарханқызына арналған «Жалпы хирургия, анестезиология және реанимация» кабинеттің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға қатысқандар: Ұлданының анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туыстары, ҚР ДСМ МФБК төрағасы Джусипов Б.А., ҚР ДСМ ҒАРД директоры Ержанова Ф.Н., ҚР ДСМ ӘМД директордың орынбасары Аубакиров А.А.
Мемлекет басшысының Жарлығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны, төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ұлдана Мырзуан қайтыс болғаннан кейін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Біз Ұлдана Қалдарханқызының рухына терең қайғы мен зор мақтаныш сезімімен бас иеміз… Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.
Ұлдана Мырзуан есімімен аталатын Кабинет біздің шексіз алғысымыз бен терең құрметіміздің символына айналсын.
Ұлдананың тағдыры медицина жолын таңдаған жас ұрпаққа бағыт-бағдар, адам денсаулығын қорғау жолындағы жанқиярлық қызметтің үлгісі болсын.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *