Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидалары

Кешенді тестілеу деген не және оған кім қатыса алады?

Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.

Ағымдағы жылы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ұқсас мамандықтарына түсушілерге кешенді тестілеу қалай өткізіледі?

Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілеріне арналған кешенді тестілеуді  түсушілердің қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде екі бөліктен тапсырады:

1 бөлік – жалпы бейіндік пән, 2 бөлік – бейіндік пән.

Басқа мамандықтарға тапсыратын (мәндес емес мамандықтарға) колледж бітірушілері жалпы негіздегі КТ-ға қатысады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кешенді тестілеу қандай пәндер бойынша өткізіледі?

Жалпы бейіндік пән және бейіндік пән көрсетілген мамандықтар тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.

КТ (ТжКББ) пәндер тізбесінің жобасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналасқан:

Басқа мамандықтарға тапсыратын (мәндес емес мамандықтарға) колледж бітірушілері жалпы негіздегі КТ пәндері бойынша тапсырады.

Ұқсас мамандықтарға қандай мамандықтар жатады?

Қысқартылған білім бағдарламалары бойынша тек ұқсас мамандықтарды таңдағанда оқуға түсе алады, яғни Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім кәсібі мен мамандықтары жіктеуішінің сәйкестік кестесіне кіретін мамандықтар (2010 жылғы 21 маусымдағы № 316 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің және техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім кәсібі мен мамандықтары жіктеуішінің сәйкестік кестесін бекіту туралы» бұйрығы, 2016 жылғы 4 тамыздағы № 489 бұйрығы өзгерістер мен толықтыруларымен). Бұл құжат интернетте жалпыға бірдей қолжетімді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *