2024 жыл 26 ақпанда «Емдеу ісі» мамандығы апталығы аясында клиникалық пәндер оқытушысы А.К.Бисембаеваның жетекшілігімен «Үздік жедел жәрдем бригадасы» атты колледжішілік кәсіби байқау өтті. «Емдеу ісі» мамандығының бітіруші топтарынан 7 бригадалық команда кәсіби байқауда өз білімдерін көрсетті. Байқау 5 турдан тұрды:
1 тур Визит карточкасы
2 тур үй тапсырмасы
3 тур «Блиц турнир»
4 тур ЭКГ-ны тіркеу және түсіндіру
5 тур төтенше жағдай ситуациялық жағдай негізінде алғашқы шұғыл медициналық көмекті көрсету.
Әділқазы алқасына ретінде практикалық денсаулық сақтау саласынан колледждің түлектері шақыртылды:
1. Қазылар алқасының төрағасы: Жакижанов Диар Рахметуллаұлы -АМУ 5 курс студенті;
2. Еркін Әмір Еранұлы -48 бригаданың фельдшері;
3. Мұсабай Айткүл Айақыметқызы -81 бригада фельдшері
4. Наурызбай Риза Мырзақызы- Қалалық көпсалалы аурухананың 2 перзентханасының акушері;
5. Сатовалдина Диана Рүстемқызы- «Шипагер» ЖШС жедел жәрдем фельдшері;
6. Сәдуақасова Әйгерім Амангелдіқызы -№ 1 перинаталдық орталық акушері.
Қонақтар болашақ фельдшер мамандарға шұғыл жедел жәрдем бригадасында жұмыс жасайдың өте жауапты екендігін түсіндіре отырып өз тәжірибелерімен бөлісті.
Байқау нәтижесі:
1 орын Бригада №4 «Ангелы –хранители» 4-ЛД-Д тобы;
2 орын Бригада №1 «Ритм» 4-ЛД-Е тобы;
3 орын Бригада №7 «Глюкоза» 4-ЛД-БК тобы.
Байқауға қатысушылар мен әділқазылар алқасына Алғыс хаттар, Дипломдар, Сертификаттар және естелік сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

