2024 жылдың 12 сәуірінде колледж студенті Искаков Мадияр оқытушы Казелова Айганым Юлатовнаның жетекшілігімен Тараз қаласында өткен «Мейіргер ісі» мамандығы медициналык колледж түлектерінің арасында «Үздік мейіргер-2024» Халықаралық байқауна қатысты. Халықаралық байқаудың үйымдастырушысы Жамбыл облысы экімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК болды. Байқауға Қырғыз Республикасы «Бишкек медициналық колледжі», Өзбекстан Республикасы Самарканд облысының Абу Али ибн Сино атындағы Пахтачи коғамдық денсаулық сақтау техникумы және Қазақстан Республикасының медициналық 30 колледжден білім алушылар қатысты. Байқау төрт кезеңнен тұрды. Халықаралык байкаудың 4-кезеңі «Медициналық жэне әлеуметтік күтім» қүзыреті бойынша Worldskills стандарттарына сэйкес: 1. «Медициналық үйым (стационар) жағдайында дәлелді мейіргерлік күтімді жүзеге асыру» 2. «Үй жагдайында науқасқа күтім жасауды үйрету» модульдері бойынша откызілді.
Байқау қорытындысы бойынша Искаков Мадияр 2 орын алып, 75000 теңге ақшалай сыйлық алды.
Жеңімпазды құттықтаймыз!

