2023 жылдын 31 наурызында «Мейіргер ісі» мамандығы апталығы аясында колледж қабырғасында арнайы пәндер оқытушылары Казелова А.Ю. және Л.М. Аханова«Үздік мейіргер-2023» байқауын өткізді. Байқауға 3 курс студенттері қатысты. Байқау 4-кезеңде өткізілді.
I кезең — «Визитка»;
IІ кезең – Блиц- турнир.
ІІІ кезең- «Мен-кәсіпқоймын»
ІV кезең – Жағдайды бағала, қатені тап.
Байқаудың өткізілу мақсаты студенттердің практикалық дағдыларын шыңдау, меңгерген білімі мен біліктілігін арттыру. Байқау нәтижесі бойынша 3СДБ тобы студенті Сагадиев Даян 1дәрежелі дипломмен, Кайдыкина Аружан 2 дәрежелі дипломмен, 3СДАК тобы студенті Үсен Балерке 3 дәрежелі дипломмен,
2СДГК11 тобы студенті Оразбек Құралай «Креативті видео» номинациясымен,
3СДБК11 тобы студенті Тауфих Нұршуақ «Алғыр мейіргер» номинациясымен,
3СДАК тобы студенті Шакен Ақгүл «Шебер қол» номинациясымен марапатталды. Студенттерге байқауға белсенді қатысқандары үшін сертификат табысталды.

