«Үздік мейіргер-2023» атты қалалық кәсіби байқауы

2023 жылғы 27 сәуірде З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ 25 жылдық мерейтойына орай «Үздік мейіргер-2023» атты қалалық кәсіби байқауын өткізді. Байқауды практикалық денсаулық сақтау саласының өкілдері бағалады: Кожаниязова Карашаш Садвакасовна- «№8 қалалық емхана» ШЖҚ МКК әйелдер консультациясының аға акушері, Нуркенова Алтынай Жайбергеновна- «№4 қалалық емхана» ШЖҚ МКК жалпы тәжірибелік мейіргер, Беркенова Алтынай Кабиевна- «№6 қалалық емхана» ШЖҚ МКК мектеп медицинасының аға мейіргері. Байқау 5 кезеңнен тұрды: Визитка, Блиц-турнир,
Мен-кәсіпқоймын, Жағдайды бағала, қатені тап және Мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру.
Байқау нәтижелері:
1-орын және «Үздік мейіргер-2023» атағы — Сагадиев Даян — З.Г.Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ, жетекшілері: Аханова Л.М., Казелова А.Ю.
2-орын Мейрамхан Айым- Жоғары медициналық колледж, жетекшісі: Каражигитова П.А.
3-орын-Рамазанова Аделя — «Шипагер» медициналық колледжі, жетекшілері:Садыков М.Б. Адылканова А.М.Сейдахметова Б.А.;
«Креативті» номинациясы -Зацепилова Анастасия «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС, жетекшілері: Байболина А.Т., Манатова А.М., Асқарова А.С., Сагындыкова Д.Ж.;
«Шебер қол» номинациясы -Базылжан Айжан «Томирис» медициналық колледжі» ЖШС, жетекшісі: Ембергенова А.М.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *