02.03.2022 жылы «Емдеу ісі» апталығының жабылуы аясында «Үздік фельдшер-2022» атты кәсіби байқауы өткізілді. Байқау күрделі және қызықты өтті: өзін-өзі таңыстыру, медициналық терминдер, дәрі-дәрмек туралы фото сұрақтар, жедел жәрдем шақыруын имитациялайтын ситуациялық тапсырмалар. Байқауға қатысушылар сынақты абыроймен тапсырды, жоғары теориялық білімдерін және клиникалық пәндер бойынша практикалық манипуляцияларды нақты орындауын көрсетті.
Байқау жеңімпаздары Дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқау қорытындысы:
«Үздік фельдшер-2022» — Ужкенова Дамира, 4-ЛД-БК
1 орын- Сейдахметов Мади 4-ЛД –ВК;
2 орын — Садыкова Фатима 4-ЛД- Г;
3 орын — Садвакасова Зарина 4-ЛД-АК .

