2026 жылғы 30 наурызда «Үздік фармацевт 2026» кәсіби байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: студенттердің кәсіби дайындығының сапасын анықтау. Байқауға бітіру топтарының студенттері қатысты. Байқау екі кезеңде өтті.
1 кезең. Қатысушылар «Фармакология», «Фармакогнозия», «Дәрілік түрлер технологиясы», «Фармация экономикасы және ұйымдастыру менеджмент және маркетинг негіздерімен» пәндері бойынша тест тапсырмаларына жауап берді. Ең жоғары балл жинаған 6 студент екінші кезеңге өтті.
2 кезең. Қатысушылар арнайы пәндер бойынша практикалық дағдыларын көрсетті.
Конкурс қорытындысы:
1 орын-Дыханбаева Дамирамекекқызы
2 орын-Москаленок Анастасия Олеговна
3 орын-Байғазы Гүлназ Еркінбекқызы
Алғыс Хат — Бектұрғанова Маржан Күнапияқызы
Алғыс Хат-Жук Юлия Федоровна
Алғыс Хат — Ташкенбай Аружан Таскенқызы
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

