2025 жылдың 12 наурызында «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ қашықтықтан 09160100 «Фармация» мамандығының бітіруші курстарының білім алушылары арасында «Үздік фармацевт 2025» атты республикалық кәсіби байқауын өткізді.
Байқау 09160100 «Фармация» мамандығы бойынша ОӘБ 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі. Оған 26 медициналық колледж қатысты.
Байқаудың мақсаты: түлектерге еңбек нарығында табысты бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін сапалы кәсіптік білім алуға білім алушылардың уәждемесін арттыру және тәжірибе алмасу үшін платформа құру, дағдыларды дамыту және фармацевтикалық практиканың жалпы деңгейін арттыру.
Байқау келесі пәндер бойынша өткізілді:
— Фармакогнозия
— Фармацевтикалық химия
— Дәрілік формалардың технологиясы
— Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және экономика
— Фармакология
Байқау үш кезеңнен тұрды:
1. Теориялық кезең
2. «Көп қырлы шеберлік» викторинасы
3. Фармацевттің коммуникативті дағдылары
Байқау нәтижелері:
Бас жүлде-Қабдуалиева Әсем («Талдықорған жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК) -50 000 теңге;
1 орын-Мирполатова Азиза («Жоғары медициналық колледжі» ДСБ Шымкент қ.) -30 000 теңге;
2 орын-Волкова Виктория (Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау жоғары медициналық колледжі» МКҚК) — 20 000 теңге;
2 орын — Шораева Жібек («Түркістан жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК)- 20 000 теңге;
3 орын-Соболева Анастасия («Қостанай жоғары медициналық колледж» КМК) -15 000 теңге;
3 орын-Крашенинникова София («Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК) -15 000 теңге;
3 орын-Сейтенова Аружан («Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС) -15 000 теңге.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

