«Үздік фармацевт 2024» кәсіби байқауы

2024 жылғы 16 наурызда «Фармация» мамандығы апталығы аясында «Үздік фармацевт 2024» кәсіби байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: студенттердің кәсіби дайындығының сапасын анықтау. Байқауға бітіру топтарының студенттері қатысты.
Байқау екі кезеңде өтті.
1 кезең. Қатысушылар «Фармакология», «Фармакогнозия», «Дәрілік нысандар технологиясы», «Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияны ұйымдастыру және экономикасы» пәндері бойынша тест тапсырмаларына жауап берді. Ең көп ұпай жинаған 5 студент екінші кезеңге өтті.
2 кезең. Қатысушылар арнайы пәндер бойынша практикалық дағдыларын көрсетті.
Байқаудың қорытындысы:
1 орын — Маханбетярова Асемай Абилтаева
2 орын — Сатвалдинова Асель Ершкановна
2 орын Молдасариева Кымбатай Идирисалиевна
3 орын Хитвахунов Расул Зулярдинович
3 орын — Утельбаева Камила Наримановна
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *