2023 жылғы 17 наурызда «Фармация» мамандығы бойынша ОӘБ жұмыс жоспарына сәйкес ШЖҚ «Түркістан жоғары медицина колледжі» МҚК ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы медицина колледждер бітіруші түлектері арасында «Үздік фармацевт -2023» сайысы өткізілді. 27 медициналық колледждің студенттері қатысты.
«З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» Жоғары медициналық колледжі» БМ студенті Корогез Регина бірінші орынды иеленді. Байқау екі кезеңде өтті. Жетекшілері: Жагипарова А.К., Балтабекова АД., Оразаева П. Б., Балқыбаева Д. М.. Жеңімпазды құттықтаймыз және шығармашылық табыс пен өркендеу тілейміз!

