2025 жылдың 15 мамырында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «З.Г. Мурзагулова атындағы «Даналық» жоғары медициналық колледжі» БМ. ұйымдастыруымен медициналық колледждерінің білім алушылары арасында «Үздік анатом – 2025» қалалық зияткерлік байқауы өткізілді. Байқауға 5 команда қатысты.
Қазылар алқасы ретінде колледждің әлеуметтік серіктестері шақырылды.
Ал байқау аясында қонақтар мен жанкүйерлер үшін флэш-моб, викторина, колледждің педагог-психологы А. М. Балтабаева семинар-тренинг өткізді.
Байқау нәтижелері:
1 орын — «AнатоМикс» командасы, «Республикалық Медицина Академиясы» ЖШС;
2 орын – «Алтын нейрон» командасы, «Жоғары медициналық колледж» ШЖҚ МКК;
2 орын – «Гипофиз» командасы, «Томирис» медициналық колледжі;
3 орын – «ANATOMI IUVENES» командасы, «Шипагер» медициналық колледжі;
3 орын-«Анатомия әлемінің жұлдыздары» командасы, Медициналық-техникалық колледжі.
Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Қазылар алқасының мүшелері алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз.

