2024 жыл 20 ақпанда «Емдеу ісі» мамандығы апталығы аясында анатомия және физиология пән оқытушылары Ә.А.Қалыбекова мен С.Е.Бурашовтың жетекшілігімен «Үздік анатом — 2024» байқауы өтті.
Байқау мақсаты: студенттердің анатомия және физиология пәндерінен алған білімдерін бағалау және жетілдіру.
Байқауда адам анатомиясының барлық жүйесі толық қамтылды. Адам ағзасы, мүшелері, сүйектер мен бұлшықет атаулары қазақ, орыс, латын тіліндерінде аталуымен қатар олардың қызметі мен физиологиясы талданды. Байқауға қатысушылардың ой ұшқырлықтары және шеберліктері жоғары деңгейде болды. Студенттерді байқауға дайындаған, оларға дәріс берген оқытушыларға алғыс білдіреміз.
Байқау нәтижесі:
1 орын – Салхаддин Зухра
2 орын – Федорененко Елена
3 орын – Тилегенов Саян

