«Үздік педагог-2018» атты кәсіби дағдылар байқауының финалы

2018 жылы 30 мамырда «Даналык» колледжінде «Үздік педагог-2018» атты кәсіби дағдылар байқауының финалы өтті. 2 – 25 мамырға дейын Комиссия ІІ кезеңге қатысатын педагогтарды бағалау критериялары бойынша іріктеді.

Байқаудын «Әдістемелік қор» атты бірінші кезеңі бойынша жеңген 8 оқытушы финалға қатысты: Байгалиева М.Б., Дариева Ж.А., Енсебаева А.К., Калыбекова А.А., Мантугелова А.К., Нургожина А.Т, Сагандыкова Г.Р., Сейтахметова А.С.

«Үздік педагог-2018» байқауы оқытушылардың шығармашылық қызметін дамыту, оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарының сапасын көтеру, педагогикалық кәсіби шеберліктерін көтеру, колледждің үздік оқытушылар тәжірибелерімен бөлісу, жаңа инновациялық технологияларды қолдау, оқытушылар қызметіндегі жоғары жетістіктер нәтижесін ынталандыру мақсатында өткізілді.

Байқау 4 кезеңнен турды:

  1. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНЫСТЫРУ «Менің педагогикалық ұстанымым»;
  2. Педагогикалық ринг;
  3. Эрудит;
  4. Педагогикалық жағдаят.

Қатысушылар өзін-өзі таныстырды, онда олар өз тәжірибесінің жетекші педагогикалық идеясын және олардың қызметінің нәтижесін көрсетті;  оларды кәсіби мамандыққа әкелген жолдар туралы әңгімеледі, олардың кәсіби дамуын талдады, өңірлердегі әртүрлі сұрақтарға жауап берді және педагогикалық жағдаятты шешті.  Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен лауреаттар анықталды.

Жеңімпаздар

Дариева Ж.А. — Гран-при;

Нургожина А.Т.-1 орын;

Сагандыкова Г.Р.-2 орын;

Мантугелова А.К.-3 орын;

Номинациялар бойынша лауреаттар:

Байгалиева М.Б.- «Педагог- ұйымдастырушы»;

Енсебаева А.К.- «Педагог-эрудит»;

Калыбекова А.А.- «Педагог-зерттеуші»;

Сейтахметова А.С.- «Педагогикалық дебют».

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *