2025 жылдың 13-14 мамыр күндері «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында колледж оқытушылары, А.Джумашева, Б.Токтаров және Қ.Гаиповтың жетекшілігімен 1ЛД-БК, 1ЛД-В, 1СД-БК мен 1СД-В топтарының студенттері ҚР Президенттік орталығының мұражайына саяхатқа барып келді. Мақсаты: ҚР тарихи-мәдени мұрасымен танысу; студенттердің азаматтық-патриоттық санасын қалыптастыру; мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін тәрбиелей отырып, қоғамдық және саяси сауаттылықты арттыру.

