21.05.2021 жылы колледж оқытушылары мен белсенділері «Астана Жастары» ЖРО ұйымдастырған «Қазақстандағы халық санағы»онлайн конференциясына қатысты.
Қазақстанда Ұлттық халық санағы 10 жылда бір рет өткізіледі. Жалпыұлттық халық санағы-бұл статистикалық ақпараттың басты көздерінің бірі, соның негізінде мемлекеттік шешімдер қабылданады. Кез-келген елдің экономикалық және әлеуметтік жоспарлауы халық саны, әр түрлі жас топтары, демографиялық топтар және аумақтық бөлу статистикасына негізделген.
Ұйымдастырушылар студенттер мен қызметкерлер жазғы кезеңде санақ бойынша бақылаушы ретінде қосымша жұмыс істей алатындығы туралы хабарлады.

