«Қазақстан Республикасында онкологиялық мейіргерлік практиканы ілгерілету үшін тұжырымдаманы дамыту» атты дөңгелек үстелге қатысуы

2023 жылдың 2 маусымында колледж оқытушылары Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық ұйымдастырған «Қазақстан Республикасында онкологиялық мейіргерлік практиканы ілгерілету үшін тұжырымдаманы дамыту» атты дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел жұмысына «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» Басқарма төрағасының м.а. С. Б. Шалекенов, Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы Г. У. Кулкаева қатысты. Пленарлық отырыста ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаменті мейірбике ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы А. С. Наурызбаева және Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай онкологиялық қызметінің медициналық ұйымдарының өкілдері баяндама жасады. Дөңгелек үстелде «Мейіргер ісі мамандарын даярлау бойынша медициналық жоғары оқу орындарының, колледждердің және медициналық ұйымдардың әріптестігі» , «Қазақстан Республикасының онкологиялық клиникаларының ынтымақтастық жолдары», «Онкологиялық қызметтің медициналық ұйымдарының тәжірибесі» және «Бірлескен іс-шараларды, ашық алаңдарды ұйымдастыру» мәселелері талқыланды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *