2025 жылғы 23 сәуірде колледж оқытушылары Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық (ҰҒОО) ұйымдастырған «Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің жаңа белестері. ҰҒОО – болашақтағы озық технологиялар ордасы.» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс –шара шеңберінде еліміздің барлық медициналық қоғамдастығы үшін маңызды оқиға -барлық ресми тұлғалар мен кең онкологиялық топтардың, халықаралық сарапшылардың қатысуымен Орталықтың ресми ашылуы өткізілді.
ҰҒОО өзіне: үлгілі инфрақұрылымы бар Орталық Азия өңірі елдерінде онкология саласындағы жетекші клиникалық, ғылыми және академиялық орталыққа айналу жаһандық міндеттерін қояды. Сондай-ақ жақын арада ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар онкологиялық бейіндегі зерттеушілер мен клиницисттердің жеке мектебін құрғысы келеді. Тәжірибе алмасу, заманауи жетістіктерді талқылау және озық технологияларды енгізу үшін Қазақстан, Орталық Азия және алыс шетелдерден жетекші мамандар шақырылды.
Конференция жемісті диалогқа, онкологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алудың өзекті мәселелерін талқылауға, сондай-ақ кәсіби әріптестік қатынастарды нығайтуға бірегей мүмкіндік берді.
Директордың ҒОӘЖ жөніндегі орынбасары М. А. Шабанова жарыссөзге сарапшы ретінде қатысты.

