13.12.2021 жылы дене шынықтыру оқытушысы Б.Ш. Тоқтаровтың басшылығымен колледж студенттері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Технологиялық колледж базасында қалалық көңілді старттарға «Тәуелсіздік елім» қатысты.
«Көңілді старттарға» қатыса отырып, балалар өздерін ұйымшыл команда ретінде сезінді. Жарыс спорт пен денсаулықтың нағыз мерекесіне айналды.
Командалар мадақтамалармен, керемет сергектік қуатымен марапатталды және көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.

