2022 жылғы 9 наурызда қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы Алма Мейірбековна Темирбаева Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастырған «Қазақ тілі: Инновациялық идеялар мен педагогикалық іс-тәжірибелер» атты қалалық форумына қатысып «Кредиттік технология арқылы кәсіби қазақ тілін үйретудің негіздері» тақырыбында баяндама оқыды.