
2025 жылғы 13 қараша күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледждің белсенді студенттері игі істерге негізделген қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Шараның басты мақсаты – №2 арнайы мектептің оқушыларына жаңа жылдық қуаныш сыйлап, тәттілер тарту ету арқылы олардың жүзінде күлкі, ал студенттердің жүрегінде ізгілік пен жылулық ұялату болды.
