Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс

2018 жылдың 29 мамары күні колледжде ҮЕҚҰ  «Жастар конвенті»  ұйымдастырған құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өткізілді. Танымдық әңгіме барысына кездесуге қатысушы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар туралы статистикалық мәліметтермен, сонымен қатар құқық бұзушылықтың түзеуге мүмкін емес салдарларымен танысты. 

Бұндай кездесулердің дәстүрлі өтетіндігін атап өтуге болады. Бәлкім,  құқықтық тәртіп өкілдерімен ашық әңгіме студенттерді ойланбай жасалатын қателіктерден қорғар, өйткені, бәріміз білетіндей заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығы анық . 

Құқықтық тәрбие, құқықтық мәдениет және қоғамдағы заңға мойынсұнған адам әрекетін қалыптастырудағы маңызды шарттардың бірі болып табылады.

Құқықтық мәдениетті және заңға мойынсұнған студенттің өзін-өзі ұстауын тәрбиелеу – бұл азаматық ұстанымдарды, құқықты құрметтеуді және сақтауды қалыптастыратын, таластарды өркениетті жолмен шешуге мүмкіндік беретін, құқық бұзушылықтың алдын алатын мақсатты бағытталған іс-шаралар жүйесі.

Құқықтық тәрбие берудің маңызды құралының бірі-заңгерлік жауапкершілік.

Мемлекет тарапынан жекелеген құқық бұзушылықтарға белгілі бір жауапкершіліктерді қалыптастыруы, тұтастай алғанда елдің ішінде құқықтық тәртіпті қалыпты сақтауға аса қажет.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *