2019 жылдың 29 қарашасы күні бірінші курс студенттері тарих пәнінің оқытушысы Хасанов М.Н. тарапынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған зияткерлік ойын өткізілді. Шақырылған қонақтар қатарында «Nur Otan» партиясының астаналық «Jas Otan» жастар қанаты филиалының өкілі Базарбеков Ұлан Қайырбекұлы қатысып, сөз сөйледі. Қонағымыз өз сөзінде Ұлт Көшбасшысының бейбітшілікті сақтау ісіне және Қазақстанның неғұрлым бәсекеге қабілетті 50 елі қатарына кіруді қамтамасыз ететін барлық қазақстандықтардың кешенді құндылығы ретіндегі жалпы ұлттық келісімге қосқан үлесіне студенттердің назарын баса аударды.