«Жеке гигиена ережелерін сақтау» дәрісі

2022 жылдың 3 қазанында колледждің медициналық кабинетінің меңгерушісі А. Айдарова 1 курс студенттеріне «Жеке гигиена ережелерін сақтау» дәрісін оқыды. Жеке гигиена көптеген гигиеналық ережелер мен талаптарды орындауды қамтиды. Жеке гигиенаның негізгі компоненттері-тері, тіс және шаш күтімі, киім мен аяқ киім гигиенасы. Жеке гигиенаны сақтамау жұқпалы ауруларға әкеледі: педикулез, қышыма, бөртпе және т.б. Мысалы, бит пайда болған жағдайда дереу дәрігермен кеңескен дұрыс. Емдеу шарасын өткізу өзіңізге және денсаулығыңызға пайдалы!

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *