2019 жылдың 1 наурыз күні «Томирис» колледжінде Астана қаласының медициналық колледждер арасында «Үздік анатом» сайысы өтті. Барлық қатысушылар анатомияға және медицинаға шынайы қызығушылықтарың көрсетіп, сайысқа белсене қатысты, «Медицина – менің кәсібім» атты үй тапсырмаларын үздік дайындықпен көрсете алды.
Сайыс қорытындысы бойынша біздің колледждің «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс студенті Сагидуллаева Акерке II орынды иеленді.
Акерке және оның жетекшісі, анатомия пәнің оқытушысы Оразаева П.Б. шығармашылық жетістіктер мен табыстар тілейміз!