2019 жылдың 20 қыркүйегінде «Даналық» колледжінің студенттері Ұлттық кітапханаға барып жазушы Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаевтың бенефисіне қатысты. Онда жазушының өмірі мен шығармашылығы ұсынылды.
Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев (6 желтоқсан 1939, Онды ауылы, Маңғыстау ауданы Гуриев облысы (қазырғы Маңғыстау облысы, Қазақстан) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, филолог, әлеуметтік ғылымдар Академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры.
Әбіш Кекілбаев — жарқын дарынды және қазіргі заманғы қазақ әдебиеті мен мәдениетінің үлгісі. Оның алғашқы кітабы 1962 жылы шығарылды. Жазушы сондай-ақ сыншы және публицист ретінде кеңінен танымал.
Оның қаламынан Қазақстанның әдеби өміріндегі елеулі орын алған 50-ден астам кітабы шыққан. Оның ішінде «Плеяды — созвездие надежды» жәге «Всполохи» тарихи романдары үшін авторға Қазақстан Республикасының Абай атындағы мемлекеттік сыйлығы берілген . Ең танымал шығармалары: «Аңыздың ақыры» романы, «Бір шөкім бұлт», «Күй», «Бәйгеторы», «Шыңырау» және т.б. повестері. «Ең бақытты күн», «Ең бақытты күн», «После встречи», «Белая береза», «Жүнді барақ»,«Ақ қайың», «Ор теке» және т.б. әңгімелері көптеген тілдерге аударылған. Жазушы, мемлекет қайраткерінің әр жылдардағы толғаныстары жазушының соңғы үш кітабына енді.