«Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты әлеуметтік жемқорлыққа қарсы жарнама интернет-байқаудың нәтижесі

2020 жылдың 1-30 сәуір аралығында Нұр-сұлтан колледжінің студенттері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру мақсатында «Жастар жемқорлыққа қарсы!» атты әлеуметтік жемқорлыққа қарсы жарнаманың интернет-байқауы өткізілді.
Интернет-байқауды ұйымдастырушылар: Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, «Даналық» колледжі.
Интернет-байқауға 23 колледж қатысты, студенттердің жұмыстары шығармашылық шешімдер техникасымен, өзінідік ерекшелігімен, дыбыстық, видео эффектілерімен ерекшеленді. Байқау нәтижесі бойынша барлық қатысушыларға электронды Алғыс хаттар берілді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *