2022 жылдың 25 қараша күні колледждің 1-2 студенттері арасында «Жастар. СӨС» тақырыбында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығымен бірлесе отырып, көңілді және тапқырлар сайысы өткізілді. Сайыта 5 команда:
- Ақ халатты абзал жандар
- Антибарби
- Парацетамол
- Ассорти
- Гиппократ қатысты.
Іс-шараның мақсаты:
- Жастардың жан-жақты шығармашылық қабілеттерін дамыту және олардың зерделік потенциалын жүзеге асыру;
- «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау;
• Жауапкершілік мен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған жастардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Сайыс қорытындысы бойынша: 1-орын «Ақ халатты абзал жандар»; 2-орын «Гиппократ»; 3-орын «Антибарби» командаларды иеленді. «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» орталығының директоры: Қанат Жайықұлы Хамзин сөз сөйлеп, жеңіске жеткен студенттерді құттықтап, Дипломдармен марапаттап, сыйлықтар сыйлады.