25.11.2021 жылы «Наз» театрында колледж студенттері үшін «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» кездесу-дәрісі өткізілді. Негізгі мақсаты: конфессияаралық қатынастарды нығайтудағы ең демократиялық тәсіл ретінде зайырлылық қағидатын түсіндіру, радикалды діни идеяларды таратуға қарсы іс-қимыл және жастардың терроризмге қарсы санасын қалыптастыру.
Кездесуге «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары А.Б. Ахимбеков, Нұр-Сұлтан қаласының Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкерлері, «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында қонақтар студенттерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Барлық санитарлық нормалар сақталды.