2021 жылдың 5 ақпанында «Даналық» колледжінің 1 курс студенттерімен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан»жастар қанаты елордалық филиалының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге жастар қанатының қызметі, оның мақсаттары мен жастармен жұмыс жоспарлары туралы айтылды.
Әңгімелесу барысында қонақтар студенттерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап беріп, оларды білімді, мәдени және белсенді азаматтар болуға шақырды. Барлық санитарлық нормалар сақталған.