2019 жылдың 5 желтоқсанында Жоғары көлік және коммуникация колледжінің 75 жылдық мерейтойына орай «75- игі істер» іс-шарасы аясында қалалық деңгейде Нұр-Сұлтан қаласы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында өткізілген «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты VII дәстүрлі жас ақындар мүшәйрасына «Даналық» колледжінің 2-ДК-БК тобының студенттері Дюсенбек Диана мен Өміртай Мерей қатысты. Диана мен Мерейдің өлеңдері жинаққа енді.
Жас ақындарды құттықтаймыз!