19.05.2022 жылы колледж қызметкерлері мен студенттерінің бүкілхалықтық референдумды қолдау мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, «Аманат» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының астаналық филиалының төрағасы, «Astana-Adaldyg alany» жобалық кеңсесінің басшысы Жанділдаев Бақдәулет Болатұлымен кездесуі өтті.
Кездесуде Бақдәулет Болатұлы ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және еліміздің саяси жүйесін жаңғырту туралы айтты. «Референдум-еліміздің болашағын айқындайтыны сөзсіз. Алдағы референдумда Конституцияның 33-бабына, яғни үштен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады. Президент ұсынған оң өзгерістер мен реформаларды іске асыруға үлес қосу,
Қатысушылар референдум өткізу туралы шешімді қолдап, пікір алмасты.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда өтеді.