Жалпы ақпарат

Қосымша білім беру бөлімі

        Қосымша білім беру бөлімі – колледждің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол дипломнан кейінгі қосымша медициналық білім беруді және орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

       Колледж 2022 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетімен мемлекеттік аттестациядан өтті.

2024 жылғы 21 ақпанда Білім беруді және денсаулық сақтауды сапамен қамсыздандыру және Аккредиттеудің Еуразиялық орталығы (ECAQA) арқылы Халықаралық Институционалдық Аккредитациядан өтті.

 

        Оқу процесін жоғары және бірінші біліктілік санатындағы оқытушылар, сондай-ақ практикалық денсаулық сақтау саласының мамандары жүргізеді.

Негізгі мақсат

  • Денсаулық сақтау саласының орта буын мамандарының үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету (біліктілігін арттыру және қайта даярлау), оны практикалық денсаулық сақтаудың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне сай бейімдеу.
  • Орта буын практикалық денсаулық сақтау мамандарын оқытудағы оқу-педагогикалық және оқу-әдістемелік үдерістердің ұйымдастырылу деңгейі мен тиімділігін үнемі жетілдіру.

Міндеттер

  • Орта буын медицина қызметкерлеріне арналған көп деңгейлі дипломнан кейінгі үздіксіз медициналық білім беру жүйесін ұйымдастыру және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру, жаңа біліктіліктер алуын қамтамасыз ету, бұл ретте практикалық денсаулық сақтаудың әлеуметтік-экономикалық талаптары мен тыңдаушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, барлық бағыттар мен мамандықтар бойынша біліктілікті арттыру курстарын жоспарлау;
  • Оқу-педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыру.

 

Қосымша білім беру бөлімі келесі оқу түрлерін жүзеге асырады:

  • Біліктілікті арттыру;
  • Сертификаттау курстары (мамандандыру);
  • Бейресми білім беру (семинарлар, шеберлік сабақтары, тренингтер).

Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай бөлінеді:

 

Біліктілікті арттыру бағдарламалары – кәсіби құзыреттілікті сақтау, тереңдету және жетілдіруге бағытталған, салалық біліктілік шеңбері мен денсаулық сақтау саласындағы кәсіби стандарттардың біліктілік талаптарына сәйкес жүргізіледі;

Сертификаттау курсы – негізгі мамандық бағыты бойынша жаңа кәсіби құзыреттіліктерді меңгеруге және (немесе) кеңейтуге бағытталған.

 

         Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 академиялық сағат) 9 кредитке (270 академиялық сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 10 кредиттен (300 академиялық сағат) және одан да көп кредитті құрайды. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең

Бір академиялық сағаттың ұзақтығы – 50 минут.

 

Қосымша білім беру бағдарламалары тыңдаушыларының бастапқы (бастапқы деңгейдегі) білімін анықтау үшін базалық бақылау, оқу барысында аралық бақылау және оқу аяқталғаннан кейін қорытынды бақылау жүргізіледі.

Қорытынды бақылау нәтижесі оң (шекті баллдан жоғары) болған жағдайда, бағдарламаны меңгерген тыңдаушыларға:

Біліктілікті арттыру курсы – бекітілген үлгідегі біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;

Сертификаттау курсы – бекітілген үлгідегі сертификаттау курсының куәлігі, оған меңгерілген білім мен дағдылар тізімі көрсетілген қосымша (транскрипт) қоса беріледі.

Қосымшасыз (транскриптсіз) сертификаттау курсының куәлігі, соның ішінде шетелде алынған, жарамсыз болып табылады.

          Егер тыңдаушының қорытынды бақылау нәтижесі шекті баллдан төмен болса, оған қайта қорытынды бақылау тапсыру тағайындалады. Қайта тапсыру нәтижесі де шекті баллдан төмен болған жағдайда, тыңдаушыға қосымша білім алғаны туралы анықтама беріледі, онда меңгерілген бағдарламаның көлемі көрсетіледі.

Оқыту тыңдаушылар контингентінің қажеттіліктеріне байланысты мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

Сертификаттық циклдерде және біліктілікті арттыру циклдерінде оқуға тыңдаушылар ұсынатын құжаттар тізімі:

  • Өтініш;
  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Орта (техникалық және кәсіптік) немесе ортадан кейінгі/жоғары медициналық білім туралы дипломның көшірмесі (қосымшасымен бірге);
  • Медициналық қызметті жүзеге асыру және клиникалық практикаға рұқсат алу үшін маман сертификатының көшірмесі;
  • Басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдік оқу орындарында медициналық білім алған тыңдаушылардың білім туралы құжаттарын тану және (немесе) нострификациялау туралы құжат;
  • Біліктілік санаты берілгені туралы сертификаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  • Т.А.Ә. өзгерту туралы құжат.

Байланыс:
📍 Астана қ., Көктал ш/а, Ардагерлер к-сі, 27
📞 Тел.: 8(7172) 30-09-05, 8775-105-95-66
🌐 Сайт: cdanalyk.kz
📧 E-mail: danalyk_98@mail.ru

Симуляциялық жабдық қолданылатын тренингтерге қатысу үшін өзіңізбен бірге болуы қажет:

  • Халат
  • Ауыстырмалы аяқ киім
  • Маска
  • Медициналық қолғаптар

Біліктілікті арттыру циклдері, сертификаттық циклдер, бейресми білім алу бойынша куәліктер мен сертификаттарды алу, сондай-ақ оқу бойынша кеңес алу үшін келесі телефонға хабарласуға болады: 8775-105-95-66.

View Fullscreen