Жаңа халықаралық ынтымақтастыққа қадам

Халықаралық ынтымақтастық студенттерді оқытудың тиімділігін арттыру және оқытушылардың біліктілігін арттырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 2018 жылдың 26 маусымында халықаралық ынтымақтастық шеңберінде жұмыс сапарымен «Даналық» колледжіне «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру Беларусь медицина академиясының» Мемлекеттік білім беру мекемесінің медицина ғылымының кандидаты, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының доценті, «Мейірбике ісі ұйымдастырушы» курсының меңгерушісі Татьяна Владимировна Матвейчик келді. Татьяна Владимировна Беларусь Республикасында ауруға паллиативтік көмектің ұйымдастырылуы туралы әңгімелеп берді. Орта медициналық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру Беларусь медицина академиясының» (Беларусь Республикасы) білім беру мекемесімен келісім жасау жоспарланды.

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *