«Жұқпалы аурулармен күрес жолдары» атты колледжішілік конференциясы

2021 жылдың 14 мамырында «Мейіргер ісі» апталығы аясында оқытушы Бекенова Сауле Джумашевна «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс студенттерімен онлайн режимде «Жұқпалы аурулармен күресу жолдары» атты колледжішілік конференциясын өткізді.
Конференцияда заманауи иммундау принциптері, адамның иммунитетті алу немесе жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет алу процесі туралы сұрақтар көтерілді.
Конференцияның мақсаты: иммундау бойынша күш-жігерді жандандыру қажеттілігін атап өту және бұл күш-жігерде әр адам қандай рөл атқара алатындығын көрсету болды.
Іс-шара соңында «Сұрақ-жауап» викторинасы өткізілді, бұл студенттер мен оқытушылар арасында жоғары қызығушылықты растайды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *