2018 жылдың 12 қыркүйк күні «Даналық» колледжінің студенттері Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханасы ұйымдастырған «Заманауи әлемдегі кітап оқу мәдениеті» атты халықаралық оқу конгресіне қатысты.
Іс-шара Астана қаласының Қазақстанның елордасы болып жарияланғанының 20 – жылдығына орайластырылды.
Конгрестің жұмысына Түркиядан, Қырғызстаннан, Ираннан, Әзербайжаннан, Беларусиядан, Франциядан, Пакистаннан, Грузиядан, Молдовадан, Литвадан келген жазушылар, ақындар, әдебиетшілер қатысты.
Конгрестің басты тақырыптары — оқу мәдениетін дамыту, кітапты әлеуметтенудің және рухани дамудың құралы ретінде насихаттау, әдебиеттегі жаңа ағымдар, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда зиялылырадың атқарар қызметінің маңызы.