2025 жылдың 5 қыркүйек күні «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында кәмелетке толмаған студенттерге Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры, 3-сыныпты заңгері Махмутова Аружан Дәулетқызы «Заң мен тәртіп» тақырыбында дәріс өткізді. Мақсаты: кәмелетке толмаған студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.